Жаңалықтар тізбегі
0

Абай, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары тұрғындары үшін жағымды хабар жарияланды

Қазтелерадио, аналогтық хабар тарату, цифрлық, Абай, Атырау, ШҚО, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2024 14:58 Сурет: unsplash
"Қазтелерадио" АҚ Абай, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына жүгініп, жағымды жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған өңірлерде аналогтық хабар тарату желісі цифрлыққа ішінара көше бастаған.

"31 тамыздан бастап сағат 12:00-де Шығыс Қазақстан, Абай және Атырау облыстарының елді мекендерінде аналогтық хабар таратуды өшіре отырып, цифрлық эфирлік теледидарға ішінара көшті". "Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметі

Жаңа буынның цифрлық телевизиясы көрермендерге көптеген жаңа мүмкіндіктер ұсынады:

  • Сигналды жоғары жылдамдықта жібереді
  • Арналар саны көбейеді
  • Сурет пен дыбыстың сапасы әлдеқайда жақсарады
  • Мультимедиялық қосымшалар, радио және электрондық хабарлар бағдарламасы болады 
  • Субтитрлардың тілін таңдай аласыз және басқа да көптеген инновациялар ұсынылады
  • Аналогты телевизиядан айырмашылығы, цифрлық сигнал кедергіге төзімді және шу мен бұрмалаусыз, тіпті елдің ең шалғай жерлеріне де беріледі!


"Шағын елдімекендерде енді 2-3 арнаның орнына 15 арнаға дейін, ал облыс орталықтарында 30 арнаға дейін қабылдауға болады! Бұлардың бәріне электр энергиясы да аз тұтынылады. Болашақтың телевизиясына бүгін қосылыңыз және цифрлық эфирдің барлық артықшылықтарын пайдаланыңыз!". "Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: