Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан бір бала қаза тауып, тағы жеті адам зардап шекті

Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан бір бала қаза тауып, тағы жеті адам зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2024 19:57 Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында жол апатының салдарынан көлік өртеніп кетті, қайғылы оқиғадан бір бала қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы жергілікті lada.kz басылымына облыстың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2 қыркүйекте Түпқараған ауданында болған.

2 қыркүйек күні сағат 16:04-те Түпқараған ауданындағы Ақтау – Форт-Шевченко тасжолының 43-шақырымында жүріп келе жатқан 2005 жылы шыққан "Тойота Эстима" автокөлігі өртке оранды. Сағат 16:27-де өрт сөндірілді.

Маңғыстау облыстық жедел жәрдем стансасы жол апатынан сегіз адам – төрт ересек адам мен үш бала зардап шеккенін, тағы бір бала оқиға орнында көз жұмғанын хабарлады.

Зардап шеккен үш бала Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына, үш ересек адам Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізілді, біреуі ауруханаға жатқызудан бас тартқан.

Балалар ауруханасы емдеу мекемесіне 2016, 2015 және 2019 жылы туған үш баланың түскенін растады.

Екі баланың жағдайы тұрақты, үшіншісі жансақтау бөлімінде жатыр. Реанимацияда жатқан науқастың оң қолын кесуге тура келген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: