Павлодарда кісі өлтірді деп күдікке ілінген шетелдік азамат ұсталды

Павлодарда кісі өлтірді деп күдікке ілінген шетелдік азамат ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2024 20:20 Сурет: Zakon.kz
Павлодарда кісі өлтірді деп күдіктелген шетелдік азамат ұсталды. Ол Өзбекстаннан қашып келген, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыс орталығында ІІМ және Павлодар экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің жедел қызметкерлері кісі өлтірді деп күдіктелген шетелдік азаматты ұстады. 

"Өзбекстанда шетелдіктің ауыр қылмыс жасағаны анықталды. Бірақ ол елде сот төрелігінен қашып, Қазақстанға келген. Күдікті Өзбекстан Республикасына одан әрі экстрадицияланды", - деді облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Дәулет Макин.

Күдікті Павлодар қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: