Саусақ ізі кезінде шетелдіктер туралы қандай ақпарат жиналады
Жеке басын куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезінде ҚР азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіште мынадай мәліметтер болады:
- тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
- туған күні мен жері;
- жынысы;
- ұлттық тиесілігі (иесінің қалауы бойынша);
- азаматтығы;
- фотосуреті;
- қолының он саусағының папиллярлық бедері құрылымының ерекшеліктері туралы ақпарат;
- жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі;
- құжат иесінің қолтаңбасы;
- жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса);
- дактилоскопиялық тіркеу жүргізілген күн мен негізі;
- құжатты берген органның атауы;
- дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе).
Қазақстан Республикасының визасын ресімдеген кезде шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіш мынадай мәліметтерді қамтиды:
- тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
- туған күні;
- жынысы;
- қолының он саусағының папиллярлық бедері құрылымының ерекшеліктері туралы ақпарат;
- азаматтығы;
- фотосуреті;
- жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі;
- визаның берілген күні, қолданылу мерзімі;
- дактилоскопиялық тіркеу жүргізілген күн мен негізі;
- виза берген органның атауы;
- дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе).
Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат берген кезде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіш мынадай мәліметтерді қамтиды:
- тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
- туған күні;
жынысы; - екі қолының он саусағының және алақанының папиллярлық бедері құрылымының ерекшеліктері туралы ақпарат;
- азаматтығы;
фотосуреті; - шетелде тұрақты тұратын жерінің мекенжайы;
- Қазақстан Республикасында уақытша тұратын мекенжайы;
- қабылдайтын тараптың мекенжайы;
- жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі;
- дактилоскопиялық тіркеу жүргізілген күн мен негізі;
- дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе).
Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберілетін не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіш мынадай мәліметтерді қамтиды:
- тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
- туған күні;жынысы;
- екі қолының он саусағының және алақанының папиллярлық бедері құрылымының ерекшеліктері туралы ақпарат;
- азаматтығы;
- фотосуреті;
- жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі;
- дактилоскопиялық тіркеу жүргізілген күн мен негізі;
- дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырған адамның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі;
- Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберілген күн мен негіздері (заңды күшіне енген сот үкімі немесе шешімі);
- өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағына кіруге тыйым салынатын, сот белгілеген күн.
- тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
- туған күні;
- жынысы;
- қолының он саусағының және алақанының папиллярлық бедері құрылымының ерекшеліктері туралы ақпарат;
- азаматтығы;
- фотосуреті;
- жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, күні, қолданылу мерзімі;
- дактилоскопиялық тіркеу жүргізілген күн мен негізі;
- дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
- виза, уақытша тұруға рұқсат берілген күні, қолданылу мерзімі;
- тұрақты тұру жоспарланып отырған жердің мекенжайы;
- тұрақты тұруға өтінішхатты қараған органның атауы.
Құжат 20 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.