Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстанның аударыспақ құрамасы финалға шықты
Сурет: Instargam/audaryspaq.kz
9 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында этноауыл аумағында аударыспақтан жарыс басталып, нәтижесінде Қазақстан құрамасының барлық қатысушылары финалға өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қаласында ипподром маңындағы этноауылда өтетін аударыспақтан Көшпенділер ойындарына 9 мемлекеттен, 64 спортшы тіркелді. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей.
Қазақстан намысын Ермек Құралбай, Алмат Ләтіпбек, Дарын Өткелбай, Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев қорғайды.
Бұған дейін Қазақстан көкпаршылары Өзбекстан құрамасын қабылдап, сенімді жеңіске жеткен болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript