Жаңалықтар тізбегі
0

Сауалнама халықтың басым бөлігі АЭС құрылысын қолдайтынын көрсетті

Сауалнама, АЭС салу, қазақстандықтар,  "СОЦИС-А" Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2024 18:13 Сурет: freepik
"СОЦИС-А" Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана" Жеке қоры КӘЗИ ҚҚ 2024 жылы 11-12 қыркүйек аралығында халық арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, аталған сауалнама ҚР заңнамалық нормаларын сақтай отырып жүргізілгені, атап айтқанда, референдум өткізу мерзіміне қарсы қоғамдық пікір өлшемін жүргізу туралы ҚР ОСК хабардар етіліп, оған ҚР ОСК-сы 11.09.2024 ж. №ЗТ- 2024-05252908 хатпен жауап бергені атап өтілген.

17 облыстан және республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан азаматтар қатысқан сауалнама ауқымы 1000 респондентті қамтыды.

Сауалнама анкетасына келесі сұрақтар енгізілді:

  1. Сіз АЭС салу бойынша референдумға қатысасыз ба?
  2. Қазақстанда АЭС салу туралы қандай ақпарат сізді қызықтырады?
  3. Сіз Қазақстанда АЭС салуға келісесіз бе?

Сауалнама қорытындысы келесі жайттарды айқындады:

"Міндетті түрде барамын" (35,6%) және "Мүмкіндігінше баруға тырысамын" (20,2%) нұсқаларын таңдаған респонденттердің үлесі жалпы іріктеменің 55,8%-ын құрады. Осылайша, сауалнамаға қатысқан әрбір екінші адам референдумға баруға дайын екендігін көрсетті. Сауалға қатысқандардың оннан бір бөлігінен астамы "референдумға қатыспаймын" деген (12,2%).

"Алдын ала болжанғандай референдумға қатысу/қатыспау туралы "әлі бір шешімге келмеген" респонденттердің үлесі жоғары болды (16,6%). Сауалнамаға қатысқандардың 13,6%-ы "бұл жаңалықты бірінші рет естіп отыр" (атом электр станциясын салуы мүмкін деген жаңалықты бірінші рет естіп отыр). Респонденттердің аз бөлігі (1,8%) бұл сұраққа "жауап беруге қиналамын" деп көрсеткен", делінген аталған институт хабарламасында.

"Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы қандай ақпарат сізді қызықтырады?" деген сұрақта пікірлер эмоционалды ұстанымнан бастап толығымен прагматикалық дәлелдерге дейін құбылады.

"Мәселен, "азаматтардың денсаулығына әсер етуі ықтимал" және "экологияға әсер етуі ықтимал" деген эмоционалды пікірлері бар жауаптарды таңдау тиісінше 59,5% және 54,1% құрады. Бұл, ең алдымен, желіде АЭС салу ықтималдығы туралы алғашқы ақпарат пайда болған сәттен бастап мұндай жобалардың қауіптері туралы әртүрлі пайымдар тарала бастағандығына байланысты болуы мүмкін", деп атап өтті қор мамандары.

Айта кету керек, сауалнамаға қатысқан халық АЭС-те қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нақты шаралары бойынша прагматикалық ойлар айтқан: "Апаттардың алдын алу жөніндегі қауіпсіздік шаралары" (43,1%); "Радиоактивті қалдықтарды басқару" (24,9%); "Кадрлық әлеует" (16%). *(Ескерту: Қосындысы 100% емес, өйткені респонденттер бірнеше жауап нұсқаларын таңдай алды).

"Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген сұраққа келісетіндердің үлесі 60,4% құрады.

Сауалнамаға қатысқандардың 30,1%-ы АЭС салу идеясын қолдамайды.

"Сауалнамаға қатысқан әрбір оныншы адам (9,5%) атом электр станциясының құрылысына қатысты сұраққа жауап беруден бас тартқан", делінген зерттеуде.

Зерттеудің жалпы қорытындысы:

  • Респонденттердің 55,8%-ы өз азаматтық ұстанымын көрсетуге және АЭС салу мәселесіне қатысты дауыс беруге ниет танытты;
  • АЭС құрылысын қолдаушылардың үлесі 60,4%.

Жүргізілген социологиялық сауалнама нәтижесінде әрі қарай жария түсіндіруді талап ететін экологиялық және техникалық қауіпсіздік критерийлерінің контуры межеленді. Атап айтқанда, халық денсаулық қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ құрылыстың техникалық жағы және атом станциясының болашақ жұмысшыларының кадрлық құрамының кәсібилік деңгейі туралы алаңдайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: