Қазақстанда қыздарды адам папилломавирусына қарсы вакцинациялау басталады
"Ата-аналарының (заңды өкілдерінің) ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін 11 жастан бастап 11 жас 11 ай 29 күнді қоса алғанға дейінгі жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы профилактикалық егулерді жүргізу ұйымдастырылсын",- делінген құжатта.
Бұдан өзге ата-аналарының (заңды өкілдерінің) ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін 12 жастан бастап 13 жас 11 ай 29 күнді қоса алғанға дейінгі жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы толықтыра вакцинациялау жүргізіледі.
Сондай-ақ, адам папилломасы вирусына қарсы профилактикалық егулер жүргізу алгоритмі бекітілді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері АПВ-ға қарсы вакцинациялауға дайындық және оны жүргізу жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және үйлестіру үшін:
- айына кемінде бір рет штаб отырыстарын өткізе отырып, АПВ-ға қарсы вакцинациялау жөніндегі өңірлік штабты құрсын;
- аумақтық білім басқармасының мектептердегі балалар саны бойынша деректеріне сәйкес жоспарлаудың толықтығына бақылау жүргізе отырып, АПВ-ға қарсы вакцинациялауға жататын 11 жастан бастап 13 жас 11 ай 29 күнді қоса алғанға дейінгі жастағы қыздарды вакцинациялауды жүргізудің апта сайынғы мониторингін қамтамасыз етсін;
- қалалар мен ауылдардың көшелерінде көрнекі ақпаратты (билбордтар, баннерлер) орналастыруға қаражат бөле отырып, жатыр мойны обырының алдын алуда вакцинациялаудың маңыздылығы бойынша кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, сондай-ақ иммундау мәселелері бойынша ақпараттық материалдарды тираждауды, бейнероликтерді әзірлеуді және көрсетуді жүргізсін.
Облыстардың және Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармаларының, Алматы қаласы мен Түркістан облысының қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының, Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылары:
- егу бригадаларының даярланған мамандармен, вакциналармен, термоконтейнерлермен, салқындатқыш элементтермен, медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнерлермен, "Вакцинация" модулі медициналық ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу үшін компьютермен, интернетпен толық жабдықталуын;
- вакцинаны сақтау және тасымалдау кезінде "салқындату тізбегін" сақтауды және вакциналарды сақтауға арналған аумақтық қоймалардың тоңазытқыш жабдықтарын дайындауды, вакциналарды сақтауға және олардың қозғалысына жауапты адамдарды тағайындауды;
- егу кабинеті мен егу бригадасын иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністердің дамуы кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету үшін препараттармен жарақтандыруды;
- санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес ҚҚЖКЖК-ны тасымалдағанға және кәдеге жаратқанға дейін оларды қауіпсіз жерде сақтауды ұйымдастыруды және ҚЖКЖК-ны жоюды;
- егу кабинеттері жоқ елді мекендерде, шалғайдағы елді мекендерде жұмыс істеу үшін жарақтандырылған көшпелі егу бригадаларын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.
Облыстар және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары:
- аумақтық денсаулық сақтау басқармаларына егілуге тиіс контингенттің тізімін, кейіннен жаңадан келген немесе кеткен балаларды есепке ала отырып түзетілген тізімді есепті айдың 30-шы күніне қарай ұсынсын;
- вакцинациядан кейін 30 минут бойы оларға медициналық бақылауды ұйымдастыру үшін егілетін адамдардың біржақты ағынын қамтамасыз ететін, жеке желдетілетін үй-жай бөлсін;
- вакцинация жүргізу кезеңінде психо-эмоциялық ширығуды болдырмау, тиісті контингентпен әңгімелесу жүргізу, оларды бірге алып жүру және иммундаудан кейін 30 минут бойы медициналық бақылау мақсатында мектеп қызметкерлері қатарынан жауапты адамдарды (мектеп психологы, әлеуметтік педагог) тағайындасын;
- емханалар мен мектептердің медицина қызметкерлерімен, санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің мамандарымен бірлесіп, АПВ-ға қарсы вакцинациялау мәселелерін түсіндіру және ата-аналардың вакцинациялауға ақпараттандырылған келісімін алу, сондай-ақ қарсы көрсетілімдерді анықтау үшін вакцинациялау алдында сауалнама жүргізу үшін ата-аналармен жиналыстарды, сынып сағаттарын ұйымдастырсын.
СЭБД басшылары айына кемінде 1 рет АПВ-ға қарсы вакцинациялау жөніндегі өңірлік штаб отырысында АПВ-ға қарсы вакцинация жүргізу барысын қарай отырып, осы қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.