Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада Қазақстанның төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасының отырысы өтті

Отырыс, Астана, Аралды құтқару халықаралық қоры, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2024 17:39 Сурет: gov.kz
Астанада Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасының отырысы өтіп жатыр. Отырыс барысында Қазақстанның 2024-2026 жылдары төрағалығы кезінде Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқару комитетінің жұмыс жоспары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және бақылаушы ел ретінде қатысып отырған Қырғызстан делегацияларының қатысып жатыр. Құзырлы ведомство мәліметінше, жиында тараптар екі ауқымды жобаны іске асыру барысын талқылады: біріншісі - Арал теңізі бассейні елдеріне көмек көрсету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы, оның шеңберінде өңірде 35 жоба іске асырылып жатыр. Екіншісі - "жасыл" экономика қағидаттарын дамытуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған Орталық Азиядағы орнықты даму үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік бағдарлама.

Отырыстың күн тәртібінде қаралған тағы бір тақырып - ХАҚҚ-ның ұйымдық құрылымы мен шарттық-құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының жұмысы болды. Қордың Атқару комитетінің төрағасы Асхат Оразбай осы айдың басында Астанада өткен жұмыс тобының 12-ші отырысының қорытындысы туралы айтып берді. Жұмыс тобының қызметі шеңберінде қазақстандық тарап су-энергетикалық ынтымақтастықты дамыту жөнінде бастама жасады.

"Бұл Сырдария мен Амудария өзендерінің бассейндеріндегі мемлекеттердің су мүдделерін ғана емес, энергетикалық мүдделерін де ескеруге, су мен электр энергиясын пайдалану мәселелерін кешенді шешуге мүмкіндік береді. Сушылар мен энергетиктердің тікелей өзара іс–қимылы аномальды климаттық жағдай кезінде, мәселен, су тасқыны мен құрғақшылықта келісілген шешім қабылдауға көмектеседі", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Нұржан Нұржігітов, Астана, Аралды құтқару халықаралық қоры, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2024 17:39

Сурет: gov.kz

Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар Дүниежүзілік банкпен бірлескен Орталық Азиядағы гидрометеорологиялық қызмет көрсетуді жаңғырту жобасын іске асыру қорытындысын және Қазақстан мен Франция бірлесіп өткізетін "Бірыңғай су" саммитіне ХАҚҚ Атқару комитетінің қатысуын талқылады.

Талқылау қорытындысы бойынша ХАҚҚ Басқарма отырысының шешімдеріне қол қою рәсімі өтті.

Сонымен қатар, қатысушылар Қазақстанның 2024-2026 жылдары ХАҚҚ төрағалық ету кезеңіне арналған Атқару комитетінің жұмыс жоспарын бекітті. Құжат құрылтайшы мемлекеттердің басшылары мен ХАҚҚ Президентінің тапсырмаларын іске асыру, Қордың ұйымдық құрылымы мен шарттық-құқықтық базасын жетілдіру және т.б. мәселелер бойынша 10 бағыттан және 40-тан астам іс-шарадан тұрады.

Сондай-ақ отырыс барысында Қазақстанның 2024-2026 жылдары төрағалығы кезінде Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқару комитетінің жұмыс жоспары бекітілді.

Жоспар құрылтайшы мемлекеттердің басшылары мен ХАҚҚ Президентінің тапсырмаларын іске асыруды, Қордың ұйымдық құрылымы мен шарттық-құқықтық базасын жетілдіруді, халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен кеңейтуді, ХАҚҚ атқару комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіруді, табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі ақпараттық, талдамалық және үгіт жұмыстарын, өңірлік және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруды, өткізуді және оларға қатысуды қамтиды.

Сондай-ақ, жоспарда екі ауқымды жобаны одан әрі іске асыру көзделген. Бұл Арал теңізі бассейні елдеріне көмек көрсету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы, оның шеңберінде өңірде 35 жоба іске асырылуда және Орталық Азияда орнықты даму үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік бағдарлама. Бұдан бөлек, Қор Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіретін Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясына және ХАҚҚ орнықты даму жөніндегі мемлекетаралық комиссияға белсенді түрде жәрдемдесуге ниетті.

"Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі таңда Президентіміз Халықаралық Аралды құтқару қорының басшысы болып сайланды. Қордың төрағасы ретінде біздің елімізге үлкен жауапкершілік жүктелген және Біз Орталық Азияның басқа мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынаста боламыз. Біз бірлесіп Арал теңізін сақтау бойынша елеулі нәтижелерге қол жеткіздік және осы бағыттағы жұмысты әрі қарай жалғастыруға ниеттіміз", – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Айта кетсек, жиынға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ХАҚҚ Атқару комитетінің төрағасы Асхат Оразбай, Тәжікстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Сулаймон Зиёзода, Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары Тангрыкули Атахаллыев, Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Шухрат Ганиев қатысты.

Қырғызстаннан бақылаушы ретінде Қырғызстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дастан Дюшекеев қатысты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: