Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда өрт инспекторлары пешпен жылытылатын үйлерді тексеруде

Алматыда өрт инспекторлары пешпен жылытылатын үйлерді тексеруде , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2024 12:46 Сурет: Zakon.kz
Алматы ТЖД қызметкерлері жеке сектордағы өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шаралар кешенін бастады. Инспекторлар бірнеше аудандағы әлі күнге пеш жағып отырған екі мыңға жуық тұрғын үйді қамтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын алу жұмыстары кезінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері көп балалы отбасылар, зейнеткерлер және мүмкіндігі шектеулі адамдар тұратын үйлерге ерекше назар аударады. Құтқарушылар жылыту пештерін нормаларға сәйкес келтіру, бітелген мұржаны тазарту және түтін датчиктерін орнату туралы егжей-тегжейлі ақпараттандыруда.

Алматыда өрт инспекторлары пешпен жылытылатын үйлерді тексеруде , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2024 12:46

Сурет: Zakon.kz

Айта кету керек, көміртегі тотығының дербес датчиктерін орнату тәжірибесі оң нәтиже көрсетті. Мәселен, өткен жылыту кезеңінде 43 мыңнан астам осындай құрылғылар орнатылды. Олардың арқасында 26 адам құтқарылды.

Алматыда өрт инспекторлары пешпен жылытылатын үйлерді тексеруде , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2024 12:46

Сурет: Zakon.kz

Қазіргі уақытта Алматы ТЖД қызметкерлерімен 153 мың жеке үй есепке алынды. Оның 2 мың 450-і отынмен жылытылады. Мұндай үйлердің ең көп саны Медеу, Алатау және Бостандық аудандарында орналасқан. Қаланың дәл осы бөліктерінде ТЖД қызметкерлері алдын алу шараларын қарқынды жүргізуде. ТЖБ бас маманы Асхат Әмірбеков мұндай рейдтер пештерді, түтін мұржаларын және арнайы дабылдарды тексеруге шақыруды үгіттейтінін айтты.

"Бірінші кезекте біз халықты жүйелі түрде ескертеміз. Түтін датчиктерін орнатудың маңызын, ақаулы пештер мен газ жабдықтарының қаупін айтамыз. Есіңізде болсын, өртті сөндіруден гөрі алдын алу оңай", – деді Бостандық ауданы ТЖБ бас маманы Асхат Әмірбеков.

Өткен жылыту маусымында Алматыда пештің дұрыс пайдаланылмауына байланысты 44 өрт болды және тағы 25 жағдай отпен абайсыз жұмыс істеуге байланысты орын алды. Жалпы, қазаннан наурызға дейін қала аумағында 230-дан астам факт тіркелді. Жеке сектордағы төтенше жағдайлардың көбеюінің тағы бір себебі-электр құрылғыларын дұрыс пайдаланбау.

Айта кету керек, алматылықтардың көпшілігі профилактикалық шараларға оң көзқараспен қарайды.

"Келіп ескерту жасағандарының өзі бізге көрсетілген қамқорлық. Амал нешік, қыста үйді пештің көмегімен жылытуға мәжбүрмін. Осы пештің салдарынан өрт болғанын немесе улы газға тұншығып жатқандар жайлы көп естимін. Көп балалы ана болғандықтан, жақындарым үшін уайымдаймын. Датчиктерді орнатудың маңызын түсіндірді, тіпті оның тегін екені мен үшін үлкен көмек болды", — деді Бостандық ауданының тұрғыны.
Алматыда өрт инспекторлары пешпен жылытылатын үйлерді тексеруде , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2024 12:46

Сурет: Zakon.kz

Профилактикалық аралауға Алматы ТЖД-ның 93 қызметкері және құтқарушыларға тұрақты негізде көмектесетін еріктілер қатысты.

"Бұл шараға мен екінші жыл қатарынан қатысудамын. Адамдар әртүрлі. Біреулері есік ашпаса, енді бірлері маңызды ақпаратты құлап түріп тыңдайды. Мұның бәрі еріккеннің ермегі емес, қауіпсіздік үшін жасалуда", — деп бөлісті ерікті Артур Рабиев.
Алматыда өрт инспекторлары пешпен жылытылатын үйлерді тексеруде , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2024 12:46

Сурет: Zakon.kz

ТЖД қызметкерлері жылыту маусымы басталмас бұрын барлық жабдықты тағы бір рет тексеріп, пешті де бір қарап шығуды, шатырдағы мұржаны тазалап, әктеу керек екенін еске салды. Бұл ақаулықтарды дереу анықтауға және оларды мүмкіндігінше тез жоюға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, мамандар пештің жанында отын, әсіресе жанғыш сұйықтықтар мен материалдарды қалдырмауды ескертті. Зақымдалған немесе қорғаныш қасиетін жоғалтқан сымдар мен кабельдерді пайдалануға, зақымдалған және сынған розеткаларды пайдалануға болмайтындығын баса айтты.

Айта кетейік, Алматыда рейдтік іс-шаралар қазан айының басына дейін жалғасады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: