Жаңалықтар тізбегі
0

Ертең республиканың басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2024 20:24 Сурет: pexels
Синоптиктер ертең, 24 қыркүйекте елеміздің 16 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. 25 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 24-25 қыркүйекте солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 24-25 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Шымкентте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Ақтөбе облысының басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: