Жамбыл облысындағы кен орнында жұмысшы қаза тапты
Сурет: altynalmas.kz
Бүгін, 23 қыркүйекте "Алтыналмас" компаниясы күтім жасау және жөндеу слесарь қызметкерінің қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz .
Компанияның мәліметінше, оқиға "Ақбақай" жерасты тау-кен жұмыстары учаскесінде болған. Қайғылы оқиға салдарынан күтім жасау және жөндеу слесарі Нұрдәулет Нұрмаханов кенеттен қайтыс болған.
Нұрдәулет Нұрмаханов 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап "Алтыналмас АК" АҚ "Ақбақай" тау-кен байыту кешенінің жылжымалы және стационарлық жабдықтарына күтім жасау және жөндеу учаскесінде сорғы қондырғыларының машинисі болып жұмыс істеген. 2017 жылы жабдыққа техникалық күтім жасау және жөндеу слесарі болып тағайындалған.
"Алтыналмас АК" АҚ оқиғадан кейін бірден жұмыс тобы құрылғанын хабарлайды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайды. "Алтыналмас АК" АҚ қаза тапқан қызметкердің отбасына материалдық көмек көрсетеді және тиісті төлемдер бойынша өзінің барлық міндеттемелерін орындайды", - делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript