Алматы Бас Ботаникалық бағы аяқ астынан жабылу туралы мәлімдеме жасады
Сурет: Facebook/Алматы Бас Ботаникалық бағы
Бас Ботаникалық бақтың әкімшілігі келушілерге маңызды мәлімдемемен жүгінді. Ақпаратқа сүйенсек, бақ бүгін, 2024 жылғы 24 қыркүйекте техникалық себептерге байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталмыш ақпарат бақтың Instagram парақшасында жарияланды.
"Ботаникалық бақ бүгін техникалық себептерге байланысты уақытша жабылғанын хабарлаймыз. Жұмыстың қайта басталу уақыты туралы кейінірек хабарлаймыз.Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз".Алматы Бас Ботаникалық бағы
Бұған дейін Ботаникалық бақтың аумақты жоспарлы санитарлық тазартудан өткізуіне байланысты 2024 жылғы 25 қыркүйекте, бір күнге жабылатындығын хабарладық.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript