Қазақстан халқы қазан айында неше күн демалады
Жыл сайын елімізде Қазақстан Республикасы күні 25 қазанда атап өтіледі. Биыл бұл мереке жұмаға сәйкес келеді, сондықтан демалыс күндері былайша болып келеді:
- 25, 26, 27 қазан (жұма, сенбі, жексенбі) – бес күндік жұмыс аптасында;
- 25, 27 қазан (жұма, жексенбі) – алты күндік жұмыс аптасында.
Сонда бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін осы айда 9 демалыс, алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 5 демалыс күні бар.
Республика күні - еліміздің басты және жалғыз ұлттық мерекесі.
1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы декларация қабылданды. Аталған құжаттың қабылдануы арқылы Қазақстанды егемен ел ретінде жариялап, танытатын жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Қазақстан аумағының егемендігі мен тұтастығы саяси, заңды және экономикалық тұрғыдан негізделген.
5 жылдан кейін 18 қазанда ҚР Президентінің Жарлығымен 25 қазан еліміздің ұлттық мерекесі – республика күні болып жарияланды.