Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда қолөнершілер көрмесі дүркіреп өтіп жатыр

Таразда қолөнершілер көрмесі дүркіреп өтуде, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2024 20:00 Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі
Бүгін "Көне Тараз" Тарихи-этномәдени кешенінде "Тараз – қолөнершілер қаласы" атты ІІІ халықаралық қолөнершілер фестивалі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шараның салтанатты ашылу рәсіміне Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек, шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков, халықаралық қолөнершілер қауымдастықтарының, туризм саласы бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты.

Таразда қолөнершілер көрмесі дүркіреп өтуде, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2024 20:00

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Әуелі Әбілхайыр Ғалымұлы сөз алып, айшықты шараның маңызына кеңінен тоқталды.

"Бүгінгі халықаралық көрмені өткізудегі негізгі мақсат – өңірдің әлемге танымалдылығы мен туристік имиджін көтеру, отандық қолөнершілерді халықаралық деңгейде танымал ету, шетелдік және жергілікті қолөнершілер арасында достық қарым-қатынас пен ынтымақтастық орнату, тәжірибе алмасу, жоғалып бара жатқан ежелгі қолөнер түрлерін сақтап қалу және қайта жаңғырту, танымал шеберлер мен қолөнер әлеміне енді қадам басқан жас мамандардың таланттары мен талғамдарына қолдау көрсету", - Ә.Тамабек аталған фестиваль өңірдің мәдени-рухани және туристік салаларының дамуына жаңа серпін беріп, облыс көлемінде қолайлы туристік ахуал құруға ықпал ететін баса айтты.
Таразда қолөнершілер көрмесі дүркіреп өтуде, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2024 20:00

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Бұдан кейін мәртебелі меймандар Шерхан Мұртаза атындағы ғимаратта орналасқан қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалады.

Сондай-ақ аталған фестиваль аясында баспасөз конференциясы өтті. Брифинг барысында көрменің негізгі мақсаттары, қолөнерді дамытудағы өзекті мәселелер, болашақ жобалар мен бастамалар талқыланды. Сондай-ақ спикерлер – Солтүстік Америка континентінің Дүниежүзілік қолөнер кеңесінің басқарма кеңесінің мүшесі Lopez Carol Robertson, ескі Кувейт қолөнер қоғамы директорлар Кеңесінің төрағасы Хусейн Әли Албаззаз, өзбекстандық «Хунарманд» қауымдастығының топ жетекшісі Шодиев Сухроб Рустамович, қолөнерші Бобочонов Ахмадчон Одилович, Қырғыз Республикасы қолөнершілер қауымдастығының президенті Нұрзат Жээнбекқызы фестивалдің ұйымдастырылу барысына жоғары баға беріп, көрме жұмысына табыс тіледі.

Таразда қолөнершілер көрмесі дүркіреп өтуде, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2024 20:00

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Келесі кезекте Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің өкілдері Тараздағы "Қолөнер үйі", "Мирас" жеке кәсіпкерлігі, "Аспара" колледжі, "Анаға тағзым" орталығы, "Жас қолөнерші", "Төркүл" керуен сарайы секілді нысандарға арнайы ат басын бұрып, қолөнер шеберханаларының жұмысымен танысты. Фестиваль одан әрі "Дәстүрлі және қазіргі заман" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция және "Aspara fashion" сән көрсетілімімен жалғасты.

Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған мазмұнды шараның алғашқы күні гала-концертпен түйінделді.

Шара барысында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қолөнер шеберлерімен, қала тұрғындарымен бірге концерт тамашалады.

Концертте эстрада жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздар әсем әндерден шашу шашып, жиналған қауымға естен кетпес кеш сыйлады.

Таразда қолөнершілер көрмесі дүркіреп өтуде, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2024 20:00

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Еске сала кетсек, аталған фестивальге Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Швейцария, Болгария, Моңғолия, Үндістан, Кувейт сияқты шет мемлекеттермен қатар, еліміздің Алматы, Шымкент қалалары мен Батыс Қазақстан облысынан келген шеберлер қатысып, өз қолдарынан шыққан бұйымдарды жұртшылық назарына ұсынуда. Үш күнге ұласатын көрме шеңберінде "Тараз сарыны" қолөнершілер байқауы, кәдесый бұйымдарын сату жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, қолөнершілер өз тәжірибелерімен бөліседі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: