Алматыда референдумға 99 жастағы қала тұрғыны қатысты
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тыл еңбеккері, Алматыдағы Наурызбай ауданының 99 жастағы тұрғыны Камила Қасымова Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдумға жеке өзі қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Камилла Қасымова Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтында орналасқан № 511 сайлау учаскесіне барды.
"Бүгін ел үшін тарихи күн. Мен аға буын өкілі ретінде референдумға қатысып, өз дауысымды беруді шештім. Бұл біздің балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы үшін өте маңызды", - деді кейуана.
Еске салайық, 6 қазанда Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге №48 мектеп-лицейдегі №388 сайлау учаскесіне келіп, алғашқылардың бірі болып дауыс беруге қатысты. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін өз дауысын бере алады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript