Қаражанбас мұнайшылары референдумға белсенді қатысты

Маңғыстау облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2024 11:54 Сурет: Маңғыстау облысының әкімдігі
"Қаражанбасмұнай" АҚ (ҚБМ) жұмысшылары елімізде атом электр станциясын салуға қатысты жалпыұлттық референдумда өз таңдауын жасады.

Таңғы сағат 6:00-де Қаражанбас кен орнындағы №236 референдум учаскесі жұмысын бастап, өндірістік цехтар мен бөлімшелер қызметкерлері дауыс беруге кірісті.

Сурет: Маңғыстау облысының әкімдігі

Сурет: Маңғыстау облысының әкімдігі

Ең алдымен мұнай өндіру цехтары жұмысшылары өз конституциялық құқықтарын пайдаланды. Бұдан соң өзге де қаражанбастықтар іс-шараның еліміз үшін маңыздылығын түсіне отырып, кезекпен бюллетень алып, азаматтық ұстанымын білдірді. 

Сурет: Маңғыстау облысының әкімдігі

Бұдан бөлек орталық кеңсе қызметкерлері мен вахтааралық демалыстағы жұмысшылар тұрғылықты жері бойынша учаскелерде дауыс берді. Комиссия мүшелері мен бақылаушылар сайлау учаскесінде референдумды ұйымдастыру деңгейінің жоғарылығы мен қатысушылар белсенділігін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: