Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңбыр, жел және өрт қаупі: Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жаңбыр, жел және өрт қаупі: Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2024 21:12 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Синоптиктер ертең, 9 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Астанада жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Қарағанды облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 09 қазанда облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Ақмола облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: