Өңірі медальға толы Қорғаныс министрінің әйелі. Желідегі суретке қатысты түсініктеме берілді
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жанғұлин Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында қорғаныс ведомствосы басшысының отбасылық фотосына қатысты түсініктеме берді. Онда министрмен бірге әйелінің де балаларының да өңірі медаль мен ордендерге тола, деп хабарлайды Zakon.kz.
Руслан Жанғұлин Қорғаныс министрінің отбасылық суреттері оның қызметіне еш қатысты жоқ екенін мәлімдеді.
"Әрбір азамат Конституцияға сәйкес бұған құқылы. Ал оның желіде пайда болу жағдайын зерттеу керек. Мүмкін фотосессия болған фотостудиядан желіге тараған болар. Медальдарға келетін болсақ, Қорғаныс министрінің жұбайы да әскери қызметші, ол Ұлттық гвардия қатарында қызмет етеді және ол кісінің өңіріндегісі негізінен мерейтойлық медальдар болып табылады. Ал балаларда тақырыптық фотосессияға арнайы әзірленген муляждар", деп сендірді ол.
Сондай-ақ ол Руслан Жақсылықовтың жеке құраммен жұмыс кезіндегі кемшіліктері үшін генералдар мен әскерилерді сынап жатқан видеосына да түсініктеме берді.
"Қорғаныс министрлігінде әртүрлі кеңестер, аппараттық, әскери кеңестер, алқалы жиындар үнемі өткізіліп отырады. Әдетте, ондайда ведомство басшысы, Қарулы Күштердің басшылық құрамындағы лауазымды тұлғалар әскерилер алдына міндеттер қойып, ескертулер жасап, сын пікірлер білдіріп жатады. Бұл - шынымен де қорғаныс министрінің жеке құраммен жұмыс кезінде жіберіп алған қателіктері үшін жауапты тұлғаларға сын айтып жатқан кездесулердің бірі. Бұл ақталу емес екенін нақтылай кетейін", - деді ведомствоның ресми өкілі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript