Антикор мессенджерлердегі алаяқтар туралы ескертті
Сурет: pixabay
Антикор мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы тағы да ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасап және жолдап жатыр. Жалған ақпараттық таратуларға сенбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз". Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Ведомство осындай қоңыраулар мен хабарламаларды алғанда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды ескертті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript