Қазақстан мен Түрікменстан Трансауған дәлізін салады

Марат Қарабаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2024 21:50 Сурет: akorda.kz
ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Президенттің ресми сапары аясында бүгін Ашхабадта қол қойылған көлік саласына қатысты үкіметаралық келісімшарттар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының ресми сапары аясында көлік саласында 4 құжатқа, 2 меморандум және 2 үкіметаралық келісімге қол қойылды.

"Екі меморандумның бірі – Қазақстан және Түрікменстан аумағы арқылы әрі қарай Ауғанстанға қарай темір жол салу мәселесі, Трансауған арнайы көлік дәлізін салу. Екіншісі – Қазақстанның ашық аспан қағидасын қолдана отырып, Қазақстан мен Түрікменстан арасында тікелей әуе қатынасын ұйымдастыру", - деді Марат Қарабаев.


Бұған дейін екі ел арасында автокөлікпен ауыр жүк тасымалдайтын кәсіпорындар арнайы рұқсат құжатын алуы қажет еді. Бүгінгі үкіметаралық келісімге сәйкес, осы арнайы рұқсат түбегейлі жойылады.

Оған қоса, екі министрлік арасында көлік және логистика саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты дамыту шартына қол қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: