Заңғар Нұрланұлы Шымкентте халықаралық турнирдің финалында ойнайды
Сурет: ktf.kz
Шымкент қаласында жасөспірімдер арасында Shymkent Open ITF J200 турнирінің финалына шыққан теннисшілер анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық, жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 149-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы жартылай финалда үндістандық Сентхил Кумарды (102 ITF Juniors) айқын басымдылықпен ұтты – 6:1, 6:2.
Қазақстанның жас жұлдызы финалда жарыстың 3-ракеткасы, сербиялық Никола Йовичпен (95 ITF Juniors) бас жүлдені сарапқа салады.
Заңғар қазіргі кезде нағыз бабында деуге болады. Ол бір апта бұрын Ферғана (Өзбекстан) ITF Juniors J200 додасында финалға дейін жеткен еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript