Қарағанды облысында халыққа қызмет көрсету орталықтарының бұрынғы басшылары ұсталды
Фото: gov4c.kz
Мамандандырылған ХҚКО-ның бұрынғы басшысы және ХҚКО басшысының орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпаратынша, ХҚКО қызметкерлері көліктердің бастапқы тіркеу алымы мен утилизациялық алымды төлеуден босату мақсатында интеграцияланған ақпараттық жүйеге жүк көлік құралдарының VIN-кодтары бойынша көрінеу жалған деректерді енгізгені анықталды. Осылайша, олар 33 жүк көлігін заңсыз бастапқы тіркеуден өткізген.
"Жергілікті бюджетке 315 млн теңгеден астам сомаға төлемдер түспеген".ҚР ҚМА
Тұтқындалған күдікті екі ХҚКО мамандарына:
- Сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
- Күдіктілердің мүлкіне 42 млн теңге көлемінде тыйым салынды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Бұған дейін Шымкентте бірнеше қылмыстық топ тұтқындалғаны хабарланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript