Жаңалықтар тізбегі
0

Ата-анаға демеу: AQYL депозиті қазақстандықтардың білім алуына қалай көмектеседі

Ата-анаға демеу: AQYL депозиті қазақстандықтардың білім алуына қалай көмектеседі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2024 14:15 Сурет: pixabay
Сапалы білім "үлкен өмірге берілетін жолдама" деп бекер айтылмайды. Алайда, әрбір отбасында осы жолдаманы алуға жұлып бере салатын қомақты қаражат бола бермейді. Zakon.kz балалардың болашағына осы бастан қалай қамқор болу керектігі туралы баяндайды.

Көп балалы ана Жазира Сүндетова үйлерінде төрт бірдей қыз бала өсіп келе жатқанын, ең үлкені 17-ге толып, оқуға түсу уақыты таяп қалғанын айтады.

Ата-анаға демеу: AQYL депозиті қазақстандықтардың білім алуына қалай көмектеседі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2024 14:15

Сурет: Жазира Сүндетованың жеке мұрағатынан

"Қалғандары 15, 13 және 3 жаста. Үш қызыма білім депозитін ашқанбыз, төртіншісіне жуырда ашамыз. Балаларды оқытып, аяқтарына тұрғызу өте маңызды", — деп есептейді анасы.

Ерлі-зайыпты Нұрпейісовтер де осындай ойларымен бөлісті. Олар да бес баласына AQYL депозитін ашқан, үлкені қазірдің өзінде 14 жаста екен. Егер үзбей жарна құйып тұрса, жасөспірімнің шотында мектеп бітіргенге дейін 2 миллионға жуық теңге жиналады – бұл мемлекеттік "бонустарды" есептемегендегі, тек ата–ана күшімен жинақталатыны.

"Біз бұл депозиттерді аз-аздан – шамамыз жеткенше толықтыра береміз. Бірақ салым мерзімі өте ұзақ болғандықтан, тіпті ай сайын 10 мың теңгеден салып тұрғанның өзінде уақыт өте келе салымдар жүздеген мыңдай қомақты қаражатқа айналады. Осыны білгенде көңілің жайлана түседі", – дейді Құралай.

Сонымен AQYL депозитін қалай ашуға болады, шарттары қандай және әңгіме қандай "бонустар" туралы? Түсіндірейік

Қалай ашуға болады?

Мұның жолы тым қарапайым, тіпті орныңыздан да тұрмай, otbasybank.kz сайтындағы жеке кабинет, "Otbasy bank lite" ұялы қосымшасы немесе бейне-қоңырау арқылы бұл істі тындыруға болады. Егер осы технологияларды пайдалану қиындықтар туғызса, банктің кез келген бөлімшесіне немесе кеңес орталығына бару қажет.

Шарттары

AQYL депозиті одан әрі ұзарту мүмкіндігімен үш немесе бес жылға ашылады. Бірінші жағдайда жылдық депозит мөлшерлемесі – 12% (ЖТСМ 12,9%-дан 13,1%-ға дейін) болса, екіншісінде – 9,5% (ЖТСМ 9,5%-дан 10,1%-ға дейін).

Міндетті бастапқы жарна мөлшері – 3 АЕК немесе 2024 жылғы жағдай бойынша 11 076 теңге. Әрі қарай ай сайынғы салымды толықтыру сомасын салымшы өзі белгілейді.

"Маңызды тұсы, банктің есептейтін сыйақысы ай сайын капиталдандырылып отырады. Демек, бұл депозит сомасына банк сыйақысы қосылып, келесі айда осы ақшаға қайтадан сыйақы есептеледі дегенді білдіреді. Депозиттің ең үлкен артықшылығы да осында. Айналып келгенде мерзімімен, пайыздық үстемесі және капиталдандырылуымен бірге салым тиімді түрде еселенеді. Мысалы, үш жыл бойы ай сайын 20 мың теңге салсаңыз, онда AQYL депозитіндегі жеке жинағыңызға бонустар мен Банк сыйақысы қоса есептелініп, шамамен 1 миллион теңгеге жетеді. Егер он жыл бойы ай сайын 20 мың теңге салсаңыз, онда депозиттегі жинақ одан да өсіп, 5 миллион теңгеден асады",- деп түсіндірді "Отбасы банкте".

Отбасы банкінің AQYL білім беру депозитінің келесідей артықшылықтары бар екенін атап өтеміз:

  • Мемлекет пен үшінші тұлғалардың айыппұлдарынан қорғалған, бұл шот бұғатталмайды немесе алымдар жүрмейді;
  • Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры арқылы сақтандырылған;
  • Грантқа оқыған жағдайда жинақ депозитін жауып, жинақталған бүкіл соманы, оның ішінде мемлекеттік сыйлықақыны да қоса алуға болады. Сондай-ақ шотты басқа баланың атына аударуға немесе магистратураға түсу үшін жинақтауды жалғастыра беруге болады.

Мемлекет көмегі

AQYL салымдарына жыл сайын мемлекет тарапынан сыйлықақы есептеледі. Егер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектер, көп балалы және мұқтаж отбасылардың балалары үшін ашылған депозиттер туралы айтатын болсақ – 7%. Қалғандары үшін – 5%.

Бірақ! Мемлекеттік сыйақы түсу үшін салымға бір жыл толуы тиіс.

"Ұлттық қор – балаларға"

"Ұлттық қор – балаларға" жобасы – бұл мемлекеттік бағдарлама екенін, оның арқасында 18-ге толмаған әрбір баланың арнаулы жинақтаушы шотына Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50%-ы аударылып отыратынын еске сала кетейік. Ал "Ұлттық қор – балаларға" жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты 2022 жылғы Жолдауынан бастау алды.

Биылдың өзінде қазақстандық балалардың шотына 100 доллардан қаражат түсті және жоба аясында жыл сайын бала кәмелеттік жасқа толғанша осындай қаражат бөлініп отырады.

Қазірдің өзінде өскелең ұрпаққа жинақталған қаражатын ақылмен пайдалану, атап айтқанда – білім алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсау ұсынылып отыр.

Ұлттық қордағы қаражатты пайдалану үшін не істеу қажет?

1. egov.kz порталы арқылы бала "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасының қатысушысы екені туралы ақпаратты тексеру;

2. enpf-otbasy.kz платформасына кіріңіз. Ол үшін электронды қолтаңба қажет;

3. Ашылған қатысушылар тізімінен көздеген мақсатты таңдап, АҚШ долларымен сомасымен көрсету;

4. Электрондық қолтаңбаны пайдалана отырып, мақсатты жинақтарды төлеуге арналған өтініш толтыру;

5. Өтінішке электронды қолтаңба көмегімен қол қоя отырып, шетелдік валютада ағымдағы шот ашу.

Егер ол бұрыннан клиент болмаса, онда жүйе оны "көрмейді". Сондықтан оған депозит немесе ағымдағы шот ашу үшін алдын ала банкке жүгіну қажет. Ол үшін Банк бөлімшесіне келу керек немесе бейне-қызмет арқылы операторға хабарласуы, банктің мобильді қосымшасында тіркелуі я болмаса кеңесшілермен байланысуы қажет (хабарласу нөмірлері банк сайтында көрсетілген).

6. Толтырылған өтінім БЖЗҚ-ға жіберіледі. Клиентке enpf-otbasy.kz порталындағы жеке кабинетінде өтініштің күйін бақылау қажет.

7. БЖЗҚ өтінімді мақұлдаған кезде төлемдер Отбасы банктегі шотқа аударылады. Содан кейін клиент бұрын таңдалған мақсатты растайды немесе оны басқасына өзгертеді.

8. Отбасы банкінде ұлттық валютада шот ашу қажет (келмей-ақ). Ол үшін ЭЦҚ арқылы арнайы келісімге қол қойылады. Валютаны теңгеге айырбастау керек.

9. Ауыстырғаннан кейін таңдалған мақсатқа растайтын құжаттарды тіркеу керек және қаражат таңдалған мақсатқа бағытталады. Ол үшін ЭЦҚ көмегі арқылы мақсатты жинақ төлемдерін аудару туралы өтінішке қол қойылады.

Қорытындылай келе, Oтбасы банктегі AQYL білім беру депозиті бойынша жинақтың ең жоғары сомасы 5 миллион теңгені құрайтынын атап өтеміз. Бүгінгі таңда барлығы 50 мыңға жуық депозит ашылған.

"Ұлттық қор – балаларға" жобасы туралы егжей-тегжейлі сілтемеге өту арқылы білуге болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: