Қызылорда облысында "Қызыл кітапқа" енген сұңқарларды заңсыз аулаған тұрғын ұсталды
Сурет: polisia.kz
Ер адам Қызылорда облысы полиция департаментінің және "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиалы инспекторларымен прокуратураның үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шара барысында ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол "Қызыл кітапқа" енген сұңқарларды шетелге сату мақсатында заңсыз аулаған.
Тұрғынның үйіне тінту жүргізу барысында сұңқар тектес екі құс алынды. Қазіргі таңда құстар Шымкент зоологиялық саябағына тапсырылды.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript