Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында 332 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Жамбыл облысында 332 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2024 20:13 Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысында жолдарды тексеру нәтижелері бойынша 12 мыңнан астам ақау анықталды, 332 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жыл басынан бері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстың автожолдарында 2633 тексеру жүргізіліп, 16,5 мың шақырымға жуық жол тексерумен қамтылды.

Тексеру барысында облыстың жолдарынан 12044 ақау анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша жол құрылысына жауапты мекеме басшыларына орындау үшін 2633 нұсқама берілді.

Берілген нұсқамалардың негізінде жолдарға 1297 жол белгісі, 3 бағдаршам нысаны орнатылды, 10 мың шақырымнан астам жол таңбасы жаңартылып, 11 мың шаршы метрге жуық шұңқырларға жөндеу жүргізілді.

Автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз жағдайда ұстағаны және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 332 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жол-техникалық инспекция қызметкерлері берген нұсқамаларды орындамағаны үшін ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабы 3-бөлігі бойынша Тараз қаласы әкімдігінің, Т. Рысқұлов және Меркі аудандарының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімдерінің лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: