Тұман, үсік, көктайғақ: бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Тұман, үсік, көктайғақ: бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2024 21:15 Сурет: unsplash
Ертең, 17 қазанда елдің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

Алматы облысының оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында тұман түседі.

Алматыда 17 қазанда түнде тұман.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, түнде 1-6 градус үсік сақталады. 

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 3 градус үсік.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі, түнде 1-3 градус үсік болады. 

Маңғыстау облысының батысында нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Ұлытау облысының шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: