Балқашта көпқабатты үйге жапсарлас салынған дәмханада өрт шықты

өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2024 15:08 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Балқашта көпқабатты үйге жапсарлас салынған дәмханада өрт шықты. ТЖМ күштерімен өрт кезінде сегіз адам, оның ішінде үш бала эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін Балқаштағы Мира көшесінде төрт қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған дәмхананың ас үй бөлмесі отқа оранды. 

Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері мекеменің ас үйінде қуырғышта май жанғанын анықтады. Өрт сөндірушілер алты шаршы метр аумақты шарпыған өртті жедел түрде сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: