Семей қаласындағы ерекше мурал кімге арналған

Семей қаласындағы ерекше мурал кімге арналған , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2024 13:52 Сурет: Telegram/semeyakimdigi
Семей қаласында полиция қызметкерлеріне арналған ерекше мурал салынды. Бұл туралы 2024 жылғы 22 қазанда қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, өнер туындысы қаланың басты даңғылдарының бірі – Бозтаев көшесінде орналасқан.

"Муралда күндіз де, түнде де елдің тыныштығын күзететін ат үстіндегі полиция қызметкері мен балалардың бейнелері көрсетілген. Бұл композиция қауіпсіздіктің, бейбітшіліктің және қоғам мен полиция арасындағы тығыз байланысты білдіреді". Семей қаласы әкімдігі

2024 жылғы 3 қазанда елорданың Сарыарқа ауданында, Конституция көшесі, 25 мекенжайында қазақтың көрнекті опера әншісі және халық әртісі Күләш Байсейітоваға арналған жаңа мурал пайда болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: