Алматыдағы Ұлы Отан соғысының ардагері 100 жасқа толды

Алматыдағы Ұлы Отан соғысының ардагері 100 жасқа толды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2024 11:09 Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі
Алматыда 25 қазан күні соғыс ардагері Қамбар Сәрсеновты ғасырлық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы гарнизонының баспасөз қызметі хабарлағандай, ардагерді құттықтады:

  • Медеу ауданының қорғаныс істері басқармасының әскери қызметшілері;
  • Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының басшылығы;
  • ҚР Қарулы күштері Ардагерлер кеңесінің өкілдері.

Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі

"Қамбар Сәрсеновтың өмір жолы-батылдықтың, борышқа және Отанға адалдықтың жарқын үлгісі",-деп атап өтті Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының бастығы, генерал-майор Нұртас Қабақов.

Құрмет белгісі ретінде институт курсанттары ардагердің алдында салтанатты шерумен өтті. Мерейтой иегері құттықтау сөздерін ризашылықпен қабылдап, батасын беріп, Қазақстан тұрғындарына бейбітшілік пен амандық тіледі.

Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі

Ардагер соғыс кезіндегі қиын-қыстау сәттерді есіне алып, жас ұрпаққа әңгімелеп берді. Оның айтуынша, ол Беларуссияда, Латвияда, Литвада соғысып, Кенигсбергті алуға қатысқан.

Әскери қызмет жылдары үш рет жараланған және келесі марапаттарға ие болған:

  • І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен;
  • II және III дәрежелі Даңқ ордендерімен;
  • Қызыл Жұлдыз орденімен;
  • өзге де көптеген медальдармен.

Соғыстан кейін Қамбар Сәрсенов ІІМ органдарында қызмет етіп, кейін біраз жылдар бойы Алматының энергетикалық жүйесінде жұмыс істеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: