Астанадағы техникалық қызмет көрсету станциясында өрт шықты: тоғыз көлікке зақым келді

Астанадағы техникалық қызмет көрсету станциясында өрт шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2024 20:00 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Астананың Байқоңыр ауданында Әнуар Әлімжанов көшесіндегі техникалық қызмет көрсету станциясында өрт шықты. 20 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, техникалық қызмет көрсету станциясының бояу цехында өрт шығып, жоғарғы қабаттардан 30-ға жуық адам өз бетінше эвакуацияланды.

Өрт болған жерде тұрғындар үшін жылыту пункті ұйымдастырылды.

Өрт салдарынан бір жеңіл автокөлік жойылып, тоғыз автокөлік жылу әсерінен зақымданған.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: