Қаскелеңде көпқабатты үйде өрт шықты: бір адам зардап шекті
Сурет: видео скрині
Бүгін, 26 қазанда Алматы Қарасай ауданы Қаскелең қаласы бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтер өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТЖМ күштері баспалдақ маршымен бес адамды эвакуациялады. 15 адам өздігінен далаға шықты.
"Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Өрт 70 шаршы метр алаңда сөндірілді", - делінген хабарламада.
Өрт салдарынан 1957 жылы туған әйел адам күйік алып, ауруханаға жатқызылды. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript