Атырауда сауда орталғындағы өрттен зардап шеккен жүкті әйел ауруханаға түсіп қалды

Скорая помощь, медицинская служба, машина скорой помощи, автомобиль скорой помощи, карета скорой помощи, бригада скорой помощи, скорая медицинская помощь, скорая медпомощь, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2024 09:25 Фото: Zakon.kz
Ваizaar сауда орталығындағы өрт салдарынан 32 жастағы жүкті әйел көміртегі тотығымен уланып, шұғыл түрде ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, жүкті әйел ұзақ уақыт бойы ғимараттан шыға алмай қалып қойған. Оған түсік тастау қаупі төніп тұр.


"Әйел жүктіліктің 22-ші аптасында. Оның айтуынша, ол өрт кезінде ғимараттың ішінде болған, қатты түтіннің салдарынан бір сағаттай жол таба алмаған. Шұғыл түрде облыстық ауруханаға жеткізілді, дәрігерлердің бақылауында. "Көміртегі тотығымен улану, жүктілікті тоқтату қаупі" диагнозы қойылды", — дейді дәрігерлер.

Естеріңізге сала кетейік, 27 қазанда сағат 18:35 шамасында Атыраудағы Baizaar сауда-ойын сауық орталығында өрт шықты. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт "Детский Мир" дүкенінің қоймасында басталған. Атырау облысы ТЖД күшімен 80 адам, оның ішінде 45 бала эвакуацияланды. Сағат 22: 50-де өрт толығымен сөндірілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: