Шымкентте 226 кәсіпкер заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Шымкентте 226 кәсіпкердің құқы қорғалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2024 22:59 Сурет: freepik
Шымкенттің Еңбекші ауданы прокуратурасымен жүргізілген талдау нәтижесінде мемлекеттік кірістер басқармасымен 226 кәсіпкерді заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, 2024 жылғы 14 маусымда кәсіпкер "С" Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 208-бабының ("Салықтық өтінішті, салықтық есептілікті ұсыну тәртібі") талаптарын бұзғаны үшін ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бұдан бөлек, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі зерделеу барысында басқарма ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 744-бабына сәйкес, оған істі қараудың уақыты мен орны туралы хабарламағаны белгілі болды.


Прокурорлық қадағалау актісі арқылы лауазымды тұлғаның заңсыз шығарылған қаулысының күші жойылып, кәсіпкерлердің құқығы қорғалды.

Уәкілетті органның жауапты тұлғалары тәртіптік жауапқа тартылды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: