Астанадан Щучьеге дейінгі республикалық тас жолы жабылады
Сурет: Zakon.kz
Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болған.
"2024 жылғы 9 қарашада сағат 19:00-де Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты "Астана-Петропавл" автожолының 18-232 шақырым аралығында (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр", - делінген "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сурет: telegram/qazavtojol
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript