Алматыда, Астанада, Шымкентте және 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Ақмола облысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетауда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасың, көктайғақ. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Астанада жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Атырауда 14 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар. Облыстың шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 30 м/с және одан аса.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, түнде облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жолдарда мұзтайғақ. Қонаевта 14 қарашада солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 м/с. Петропавл қ.: 14 қарашада бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Түркістанда түнде және таңертең тұман түседі.
Шымкентте түнде және таңертең тұман.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Оқи отырыңыз