Қызылордада Үкімет резервінен жылу желілерін салуға бөлінген ақша үнемделді
"Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне 2024 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен Қызылорда қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлерде ыстық сумен жабдықтау желілерін салу үшін "Байқоңыр (Байконур)" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға Қызылорда облысының бюджетіне нысаналы даму трансферттері түрінде аудару үшін 10 812 102 953 (он миллиард сегіз жүз он екі миллион бір жүз екі мың тоғыз жүз елу үш) теңге сомасында қаражат бөлінсін",- делінген құжатта.
Бұрын бұл мақсатта 11 027 253 105,38 теңге сомасында қаражат бөлу жоспарланған.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі нақтылағандай, мемлекеттік сатып алуды өткізу нәтижесінде 215 150 152,38 теңге сомасында қаражат үнемделді.
Құжат 28 қарашаға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.