Бүгін - Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні

Бүгін - Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2024 10:03 Сурет: Zakon.kz
Бүгін Қазақстанда Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні атап өтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Агрономдар, мал өсірушілер, шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, сондай-ақ өнімдерді өндірумен және қайта өңдеумен байланысты аралас салалардың қызметкерлері – осы мамандардың еңбегінің арқасында күн сайын біздің дастарханымыз молынан жайылады – жаңа піскен нан, ет, сүт, май, қаймақ, көкөніс пен жеміс қоямыз".

Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі отандық салада өндірілетін өнімге де байланысты.

Бүгінде елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін 70%-ға дейін жеткізу мақсатында шаралар қабылданып жатыр, соның нәтижесінде азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі ұлғайып келеді, биыл 2,4 трлн теңгенің өнімі өндірілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: