Алматылық құтқарушылар екі аудандағы өртті сөндірді

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Алматы қаласының екі ауданындағы өртті сөндірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2024 09:08 Сурет: видео скрині
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Алматының екі ауданындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші оқиға Әуезов ауданы Сүлейменов көшесі бойындағы екі қабатты тұрғын емес үйде 80 шаршы метр алаңда үйдің шатыры мен бөлмелерінде өрт шықты.

Адамдарды эвакуациялау қажет болмаған, ескі үй бұзылайын деп тұр.

Екінші оқиға Алмалы ауданы Байзақов көшесі алты қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында 5 шаршы метр алаңда үй заттары өртенді.

Құтқарушылар өртті сөндірді, зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: