Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында 6 тоннаға жуық есірткі тәркіленді

Жамбыл облысында 6 тоннаға жуық есірткі тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2024 17:00 Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысының географиялық ерекшелігіне байланысты “Қарасора – 2024” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының өткізілу барысына баса назар аударылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шара барысында 28 жедел мобильдік топ құрылып, полиция департаментінің 100-ден астам қызметкері жұмылдырылды, 8 қызметтік-іздестіру иті, 5 жылжымалы мобильдік бекет жұмыс жасады. Сонымен қатар ҚР Ішкі істер министрлігінің "Сұңқар", ҚР ІІМ Ұлттық ұланның "Бүркіт" күш-құралдары және ҚР Қорғаныс министрлігінің ұшқышсыз ұшатын аппараттары аталған іс-шараға тартылды.

"1 маусым мен 30 қазан аралығында Шу алқабынан қарасора тасымалданатын 6 арнаның жолы кесілді. Басқа облыстардың полиция департаменттерімен бірлесе отырып, Шу алқабынан Астана және Ақтау қалаларына 80 келіден астам марихуана және 4 келі гашиш тасымалдайтын каналдың жолы кесілді",- делінген ІІМ ақпаратында.

Сондай-ақ полицейлер Алматы қаласынан облысымызға "синтетика" тасымалдайтын 2 ірі арнаны жауып, екі келіден астам "синтетика" есірткісін тәркіледі.

"Барлығы 203 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 12 контрабанда және 12 есірткі өсімдігін өсіру дерегі бар. Заңсыз айналымнан 5,8 тоннадан астам әртүрлі есірткі құралдары, соның ішінде 2 келіден астам синтетикалық заттар, 5 гр 48 мгр героин тәркіленді. Сондай-ақ мың тоннадан астам жабайы өскен қарасора жерді жырту, шабу және өртеу арқылы жойылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 780 тоннаға көбірек",- деді ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының м.а. Асқар Жұмабеков.

Жедел мәліметтерге сәйкес, қара нарықта 1 келі марихуананың бағасы 70 000 теңгені құрайды. Осылайша, 70 миллиард теңгеден астам қаражат заңсыз есірткі айналымына түспеді.

Есірткі бизнесімен күрес бірнеше басқа бағыттар бойынша да жүргізілуде:

  • алдын алу,
  • ақпараттық кеңістікті мониторингілеу,
  • дилерлермен байланысу ресурстарын көрсететін қабырғалардағы граффити жазбаларды жою.

848 профилактикалық іс-шараға 24 мыңнан астам оқушы қатысты.

"NarcoShekteuTaraz" telegram-боты полиция департаментінің базасында синтетикалық есірткілерді сақтау орындары (жасырын орындар), граффити жазбалар, облыс тұрғындарының жарнамалық белгілері бар аккаунттар туралы хабарламалар мен сұраныстар туралы мәліметтер жинақталады. Осы жылдың 10 айында "Narko Shekteu Taraz" ботына 2 047 сұраныс келіп түсті, оның 1 746-сы интернет-сайттардан (1 670-і бұғатталған), 289-ы граффити жарнамасы бойынша барлық жазбалар жойылды".ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматыда есірткі жарнамалаған ерлі-зайыпты қамауға алынғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: