Тобылда полицейлер инсульт алған 71 жастағы зейнеткерді құтқарды

Тобылда полицейлер инсульт алған 71 жастағы зейнеткерді құтқарды , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2024 21:10 Сурет: Zakon.kz
Қостанай облысы Тобыл қаласында полицейлер 71 жастағы инсульт алған әйелге дер кезінде көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдай туралы хабар жедел жәрдем фельдшерінен түскен. Ол бригаданың зейнеткердің пәтеріне кіре алмай жатқанын айтқан.

Учаскелік инспекторлар оқиға орнына жедел жетіп, жағдайды сараптай келе, екінші қабаттағы балкон арқылы пәтерге кіруге шешім қабылдады.


Пәтер есігі ашылғаннан кейін дәрігерлер науқасқа дереу көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді.

Зейнеткердің туысы полицейлердің жедел әрі кәсіби әрекеті үшін алғысын білдірді. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: