Жаңалықтар тізбегі
0

Энергетика министрі мұнай экспортындағы жоспарлар туралы айтты

Добыча нефти, нефтедобыча, нефть, нефтяная скважина , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2024 16:26 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 25 қарашада Мәжілістегі Үкімет сағатында қазақстандық мұнайды тасымалдау қалай жүзеге асырылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Каспий құбыр консорциумы (КҚК) бүгінде қазақстандық мұнай экспортының ең сенімді және тиімді бағыты екенін атап өтті. Жобаны дамытудың барлық кезеңдеріндегі инвестициялардың жалпы көлемі 8,4 млрд доллардан асты.

"Бүгінгі таңда айдау көлемін жылына 67-ден 81,5 млн тоннаға дейін, оның ішінде қазақстандық учаске бойынша жылына 53,7-ден 72,5 млн тоннаға дейін ұлғайтуға техникалық мүмкіндік қамтамасыз етілді. Мұнай өндіру кезінде 2024 жылға күтілетін экспорт болжамы 88,4 млн тоннаның шамамен 68,8 млн тоннасын құрауы мүмкін. Негізгі бағыттар бойынша: Каспий құбыр консорциумы – 55,4 млн тонна мұнай, "Атырау-Самара" – 8,6 млн тонна, Қытай – 1,1 млн тонна, Ақтау порты – 3,6 млн тонна, теміржол – 0,05 млн тонна", – деп толықтырды министр.

Ол 2024 жылы 10 млн тонна Ресей мұнайын – Қытайға және 200 мың тонна – Өзбекстанға транзиттеу жоспарланып отырғанын атап өтті.

"2023 жылдан бастап Германиядағы Шведт мұнай өңдеу зауытына "Дружба" жүйесі бойынша жеткізілімдер де жүріп жатыр. Биыл Шведке 1,4 млн тонна мұнай экспорттау жоспарлануда", — деді Сәтқалиев.

Бұл ретте ол Баку – Тбилиси – Джейхан бағыты бүгінгі күні перспективалы бағыттардың бірі болып табылатынын атап өтті, өйткені біздің тарапымыздан да, әзірбайжандық әріптестер тарапынан да осы бағытта қазақстандық мұнайды жеткізу көлемін дамытуға және жоспарлы түрде ұлғайтуға мүдделілік бар.

"2024 жылға 1,5 млн тонна көлемінде БТД арқылы қазақстандық мұнайды жеткізу жоспарланған. Осы бағыт бойынша жеткізілімдерді жылына 20 млн тоннаға дейін ұлғайту перспективалары зерттелуде. "Баку-Супса" мұнай құбырының мүмкіндіктері қарастырылуда. Өткізу қабілеті-жылына 5 млн тонна, жеткізудің ықтимал көлемі жылына 3 млн тоннаға дейін. Бұл бағытты пайдалану пысықтау және талқылау сатысында", — деп түйіндеді Энергетика министрлігінің басшысы.

Ұзақ мерзімді перспективада "Ескен-Құрық" мұнай құбырын салу жобасы да пысықталуда – мұнай құбырының болжамды техникалық қуаты жылына шамамен 20-30 млн тонна.

Бұған дейін еліміздегі мұнай қанша жылға жететіндігі хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: