Жаңалықтар тізбегі
0

Депутаттар "7-20-25" бағдарламасының шарттарын қайта қарауды ұсынды

Строители, строитель, рабочий, рабочие, стройка, строительство, строительство жилья, строительство дома, строительство домов, строительные материалы, стройматериалы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2024 14:15 Фото: primeminister.kz
Мәжіліс депутаты Тілектес Адамбеков "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасына қалай көп қазақстандықтың қатысуын ұйымдастыруға болатындығын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тілектес Адамбеков "7-20-25" бағдарламасы бойынша қазақстандықтарға қайталама нарықта да тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беруді ұсынды. Себебі, үйді тек салынып жатқан тұрғын үйден сатып алатын қазіргі механизм, оның бағалауы бойынша, тиімсіз.

"Адамдардың айтуынша, тұрғын үйдегі пәтерлер салынып жатқан мерзімнің өзінде біршама сатылып кетеді, осыған байланысты сатып ала алмайды. Екінші мәселе - адамдардың 7%, 8-9%-дық өсіммен 3, 4 бөлмелі пәтер сатып алуын неге ұйымдастырмасқа. Сіздер 20 млн-ға дейін шектеу қойғансыздар, бірақ бұл бағаға Астанада үлкен пәтер сатып ала алмайды, тіпті бір бөлменің өзін әрең алуыңыз мүмкін. Ал, 25 млн-ға олар бір бөлмелі пәтерді сатып алады, оны жабады, содан кейін қайтадан кеңейту үшін несие алуға мәжбүр болады", – деп атап өтті мәжілісмен.

Оны депутат Нұртай Сабильянов қолдады.

"Қайталама нарықтан тұрғын үй алуға рұқсат беру керек. Тек құрылыс компанияларын қолдай бермей, адаамдарға да мүмкіндік беру керек. Олар да екінші нарықтан баспана алсын",- деді ол.

Ұлттық экономика Вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов мұны неге қазір жасауға болмайтынын түсіндірді.

"7-20-25" бағдарламасының мәні екі мәселені шешеді. Біріншісі, әрине, тұрғын үй проблемаларын шешу,  ал екіншісі-экономиканы дамыту. Біз құрылыс саласын дамытуымыз керек. Егер қайталама нарықта алуға рұқсат берсек, онда бізде құрылыс секторы тоқтайды. Бұл жұмыс орындары, салықтар. Сондықтан мұнда жан-жақты қарау керек", - деп түсіндірді ол. 

8 қарашада Ұлттық Банктің "7-20-25" ипотекалық тұрғын үй несиелеу бағдарламасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізгені хабарланды. Құжат 2025 жылы бағдарламаны қаржыландырудың жылдық көлемін 100 млрд теңгеге дейін белгілеуді көздейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: