Толық сөндірілмеген темекі тұқылының салдарынан Көкшетаулық тұрғындарды эвакуациялады

2 желтоқсанға қараған түні Көкшетаулық құтқарушылар қалалық жатақхана тұрғындарын эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТЖМ мәліметінше, Ж.Жабаев көшесінде орналасқан 5 қабатты жатақхананың 4-қабатында матрастың жануы орын алды.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Шақырту орнына келген өрт сөндірушілер баспалдақ маршымен 14 адамды, олардың ішінде 5 баланы эвакуациялады.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Өрт жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі — сөндірілмеген темекі.
Бұған дейін Петропавлда 3 жасар балақайдың құтқарылғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript