Путин Каспий теңізінің таяздануына қарсы күрес шараларын әзірлеуді тапсырды
Фото: primeminister.kz
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин 2 желтоқсанда Үкіметке Каспий теңізінің таязданумен күресу үшін шаралар бағдарламасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
РИА Новости мәліметінше, Путин бұл туралы Ново-Огаревода өткен Халықаралық жас ғалымдар конгресінің қатысушыларымен кездесуде мәлімдеді.
"Мен Ресей Федерациясының Үкіметіне тиісті іс-қимыл бағдарламасын дайындауды тапсырдым", — деді ол.
Сондай-ақ, РФ Президенті Каспийді толтыру мәселесі бұрын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевпен келіссөздерде көтерілгенін атап өтті.
Бұған дейін Каспий теңізі 2 метрге тартылғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript