️Кореяда әскери жағдай жарияланды: елшілік қазақстандықтарға үндеу жасады

️Кореяда әскери жағдай жарияланды: елшілік қазақстандықтарға үндеу жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2024 22:42 Сурет: ашық дереккөз
Оңтүстік Корея президенті шұғыл кеңес өткізіп, өзіне импичмент жариялау әрекеті жасалғанын мәлімдеді. Ол оппозицияны елдің негізгі қызметтерін орындау үшін қажетті "барлық маңызды бюджет қаражаттарын қысқартты" деп айыптады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты Кореядағы Қазақстан елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады.

"Корея Республикасы Президенті Юн Сок Ельдің әскери жағдай енгізуіне байланысты Корея Республикасында жүрген Қазақстан азаматтарын сабырлылық сақтап, жергілікті биліктің ұсыныстарын орындауға және көпшілік іс-шаралардан аулақ болуға шақырамыз", - делінген хабарламада.

Қазақстан азаматтары төтенше жағдай кезінде жедел байланыс үшін мына нөмірлерге хабарласа алады: +8210-6572-9311.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: