Тоқаев Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заңға қол қойды

Тоқаев Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заңға қол қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2024 19:15 Сурет: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 4 желтоқсанда Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген құжатта.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Еске салайық, бұған дейін Сенат депутаттары палатаның 2024 жылғы 21 қарашадағы жалпы отырысында Ұлттық қордан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдік берілген трансферт туралы заңды мақұлдаған еді. 

Заңның мақсаты:

– Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке 2025-2027 жылдарға арналған кепілдік берілген трансферттің мөлшерін бекіту:

  • 2025 жылға – 2 000 000 000 мың теңге;
  • 2026 жылға – 2 000 000 000 мың теңге;
  • 2027 жыл – 2 000 000 000 мың теңге.

– 2025-2027 жылдарға арналған мұнай секторы ұйымдарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдер негізінде мұнайдың кесімді бағасын белгілеу:

  • 2025 – барреліне 42,3 доллар;
  • 2026 – барреліне 41 доллар;
  • 2027 – барреліне 39,4 доллар.
"Мемлекеттік міндеттемелерді орындау шығындарын өтеу үшін республикалық бюджетке Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт жіберіледі. Заңның қабылдануы республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етеді және Ұлттық қордың тұрақтандыру функциясын жүзеге асырады", - делінген қорытындыда.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: