Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2024 20:36 Сурет: Zakon.kz
Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адам түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 желтоқсан күні Н. Назарбаев даңғылы-Толстой көшесі қиылысында Hyundai Accent маркалы автокөліктің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өткен жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 

Еске сала кетейік, Mazda көлігінің жүргізушісі Сәтбаев-Кривенко көшелерінің қиылысында кәмелетке толмаған балаларды қағып кеткен.

Салдарынан жеткіншектер облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Көлік айып тұрағына қойылды. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: