Ақтөбеде шағын автобус пен көлік соқтығысты: қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар
Сурет: pixabay
Самара – Шымкент тасжолында шағын автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір жолаушы қаза тапты. Тағы 11 адам амбулаторлық ем алуға үйіне жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы оқиға 2 желтоқсан күні болған.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "Мерседес Спринтер" микроавтобусының жүргізушісі "Фольксваген Пассат" көлігімен соқтығысты.
Салдарынан жеңіл көлік ішінде болған 68 жастағы жолаушы көз жұмды. Ал шағын автобус ішінде 11 жолаушы болған. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
"Бір жолаушы жедел жәрдем қызметі жеткенше көз жұмды. Тағы біреуі жабық бас-ми жарақатымен Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханаға түсті. Ол 42 жастағы ер адам. Ал зардап шеккен өзге 11 адам амбулаторлық ем қабылдау үшін үйіне жіберілді", - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript