Шымкентте жол апатынан жүкті әйел жарақат алды

Шымкентте жол апатынан жүкті әйел жарақат алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2024 23:26 Сурет: pixabay
3 желтоқсанға қараған түні Бәйтерекұлы мен Төреқұлов көшелерінің қиылысында Toyota Alphard пен Daewoo Nexia автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соққының қатты болғаны соншалық, Nexia-ның алдыңғы бөлігі қатты зақымданған, деп жазды otyrar.kz.

Алдыңғы жолаушы орнында отырған жүкті әйел аяқ сүйектерін сындырып, жарақат алды.

Сондай-ақ Nexia жүргізушісі де ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасына кінәлі тұлғаны құқық қорғау органдары анықтайды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: