Шымкентте төбелес кезінде бір жігіт мерт болды

Қайғылы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2022 20:26 Сурет: Zakon.kz
Қайғылы оқиға 26 шілдеге қараған түні Қазиев пен Шынар көшелерінің қиылысында орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, күдікті оған үшкір затпен екі рет соққы берген.

Зардап шегуші оқиға орнында мерт болды.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 99-бабымен тіркелді. Мәйітке сот-медициналық сараптама тайғайындалды.

Жүргізілген жедел іс-шараларының нәтижесінде, 2005 жылғы азамат күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргіліп жатыр.Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: